Bugin

Бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адамға үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда бұрынғы әйелін көпқабатты үйдің подъезінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы соттарына сілтеме жасап. 

 9 шілдеде сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында зорлық-зомбылықпен ұштасқан бұзақылық жасады деп айыпталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

"Айыпталушының кінәсі сотталушының кінәсінің мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген. Сотталушы жасаған ісін мойындап, өкініп, жәбірленушінің денсаулығына келтірген зиянды өз еркімен өтеді", - делінген хабарда.

Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді.