Саясат

Қызғалдақты жұлғандар заң арқылы жазаланады

Қызғалдақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Кауфман» және «Грейг» қызғалдақтарын заңсыз жұлу, жол бойында, басқа да орындарда сату жайттарын анықтау және олардың алдын алу, жолын кесу мақсатында биыл рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүргізілуде. Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген «грейг» қызғалдағын жұлғандарға қатаң шара көріледі. Осы жөнінде Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталған жиында Түркістан облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Хамит Жорабеков қызғалдақтарды қорғауға бағытталған шаралар бойынша тоқталды. Ал, Түркістан облысы полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев қызыл кітапқа енген «Кауфман» және «Грейг» қызғалдақтарын жұлушылардың жауапқа тартылатындығын жеткізді.

«ҚР қызыл кітабына енгізілгеннен кейін  «Кауфман» және «Грейг»  қызғалдағын  заңсыз жұлу ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында  көзделген қылмыстық жауапкершілікпен қаралады. Құқықбұзушының әрекеті дәлелденген жағдайда оған сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасына алып келіп соқтыруы мүмкін. Жыл басынан Түркістан облысы тұрғындары заңсыз жұлған 57 дана қызғалдақ тәркіленді»,  – деді Түркістан облысы полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Н. Тұманбаев.

Сонымен қатар, Сырдария – Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы Ғани Назарбек табиғат аясында демалуға шыққан көпшілік әлеуметтік желіде қызғалдақтармен түскен суретін еш  қымсынбастан жариялап жатқанын айтты. Сондай-ақ, баға жетпес жауһарымызды - қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау қажеттігін жеткізді.