Bugin
Фото: freepik.com
Мемлекеттік қызметкерлер құмар ойындарының кез келген түрінен шектеледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
"Аmanat" фракциясының төрағасы Президент қол қойған ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа заңға қатысты пікірін білдіріп, 280 мыңға жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне құмар ойындарын ойнауға шектеу қойылатынын айтты.
"Заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындардың кез келген қызметі – букмекерлік кеңселер, казинолар және онлайн казинолар шектелетін болады. Осылайша, жалпы саны 280 мыңға жуық адамды құрайтын әскери қызметкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға қатыса алмайды", - дейді депутат Елнұр Бейсембаев.
Заңды бұзған жағдайда оларды жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады.