Bugin

Атырауда 4 жасар бүлдіршін балабақшада кәріз құдығына түсіп көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Атырауда жеке меншік балабақшалардың бірінде 4 жастағы бүлдіршін кәріз құдығына түсіп қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Қаладағы жеке меншік балабақшалардың бірінде төрт жастағы сәбидің кәріз құдығына түсіп қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайтынын айтты.