Bugin
Фото: freepik.com
Тәртіп сақшылары Алматыда 11-12 шілдеде жол қозғалысы ішінара шектелетінін ескертті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Алматы қалалық полиция департаменті 2024 жылғы 11-12 шілдеде Үкіметаралық комиссияның жұмыс істеу мерзіміне орай жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды", - делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға шақырып, кептеліс болмауы үшін жүргізушілерден бағытын алдын ала ретке келтіруді сұрады.