Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Астанадағы азық-түлік дүкенінде ер адам әйелді ұрып-соққан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Зәбірленушінің айтуынша, 7 шілдеде ол дүкенге келіп, абайсызда біреудің баласын қағып кеткен.
"Баланың әкесі менімен жанжалдасты, мен кешірім сұрадым, балаға зиянымды тигізейін деген ниетім болмады. Содан кейін жанжал басталды, ол мені балағаттай жөнелді. Баласын қолына алған күйде бірнеше рет итерді, оның баламен бірге тұрғанын түсініп, ештеңе істемедім. Содан кейін ол кетіп қалып, баласыз қайтып келді, барлығын видеодан көруге болады", - деді әйел.
Ер адам баласыз келіп, әйелді арқасынан итеріп, бетінен ұрған.