Bugin

Ер адамның шалбарынан 104 жылан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қытайдың кеден қызметі Футянь портында контрабандашыны ұстады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Guardian сайтына сілтеме жасап.

Ер адам 104 жыланды шалбарына тығып, Қытайға кіргізбек болған. Ол шекаралық бақылаудан өту кезінде ұсталды.

"Тексеру кезінде кеденшілер ер адамның шалбарының қалтасынан скотчпен оралған алты пакетті анықтады", - деді кеденшілер.

Жалпы 104 тірі жылан тәркіленген. Олардың арасында жүгері жыланы, Кэмпбеллдің патша жыланы, батыс күрек мұрынды жылан, Бэйрд егеуқұйрық жыланы және бұқа жылан бар. Бұл жыландар Қытай аумағында кездеспейді. Оларды елге тек биліктің ресми рұқсатымен ғана кіргізуге болады.