Bugin

Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Тамызда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тамызда Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай қазақстандықтардың демалыс күніне тағы бір күн қосылады.

30 тамыз - Конституция күні. Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істейді және 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.

Одан бөлек 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері - демалыс.