Bugin

Алматыда қашан жаңа метро станциясы пайдалануға берілетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Алматыда 2026 жылы жаңа метро станциясы пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым және Сергей Пономарев Алматы қаласындағы "Қалқаман" метро стансасының құрылысымен танысты. Нысан Абай даңғылы бойында Әшімов пен Айбергенов көшелерінің арасында салынып жатыр.

Құрылыс барысында сол жақ туннельде 936 метр, оң жақ туннельде 559 метр қазылған. Газбен жабдықтау, электр жүйесі, телекоммуникациялар мен су құбырының сыртқы желілерін көшіру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.

Бұл жоба "AMANAT" партиясының Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының "Ыңғайлы көлік жүйесі" бөліміне енгізілген. 2030 жылға дейін "Барлық" базарына дейін тағы үш станса салу жоспарлануда, онда Батыс автовокзалын қамтитын ірі мультимодальды көліктік-ауысымдық торап құрылатын болады.