Bugin

Ақылы жолға ақы төлемегендерге жаңа айыппұл бекітілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz

Көлік министрі елімізде жаңа айыппұл түрінің енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министр Қарабаев жолдардың сапасы оларды ұстау жағдайына байланысты болатынын айтады. Елімізде республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолды ұстауға 80 миллиард теңге қажет екен. 

"Бюджетке ауырлық салмас үшін ақылы жолдарды енгізу жалғасады. Қаражат жолдарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға бағытталмақ. Қазір ақылы жолдарда төлемді уақытылы жасамағандарға айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталып жатыр", – деді министр.