Bugin

Бүгінгінің батырлары: ер адам 7-ші қабаттан құлай жаздаған әйелді құтқарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: бейнеден скрин 

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Қалалық төтенше жағдай қызметкерлері өрттен балкон арқылы қалуға тырысқан бір әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 10 шілде күні түнгі сағат 02:00-де Ш.Иманбаев атындағы көшеде болған. Көпқабатты үйдің 7-ші қабатындағы пәтерден өрт шығып, төтеншеліктер оқиға орнына аттанды. 

Желіде тараған видеода бір құтқарушының өрт шыққан пәтерде тұрып әйелді балкон арқылы төменге түсіріп жатқанын және астыңғы пәтерден тағы бір ер адамның көмектесіп жатқанын көруге болады. 

Құтқарылған әйел барлық төтеншеліктерге алғысын білдірді.

“Бүгін түнде өрт шықты. Маған балкон арқылы түсуге тура келді. Бағлан мен Қыдыр мені құтқарып қалды. 6-қабаттан аяғымнан ұстап түсіріп алды. Оларға ерекше алғыс айтқым келеді”, – дейді төтеншеліктер құтқарған әйел.