Bugin
Фото: freepik.com
Құтқарушылар Eсіл өзенінің ескі арнасынан екі жасөспірімнің денесін алып шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында суға батып кеткен балалардың денесі табылған.
"Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметі бойынша, сағат 14:40-та Есіл өзенінің сағасында төтенше жағдайлар департаментінің жедел-іздестіру тобы (8 адам және 1 ұшқышсыз көлік) 2009 және 2012 жылы туған жасөспірімдердің денесін тауып, судан шығарды", - делінген хабарламада.
Қазір кәмелетке толмаған балалардың өліміне қатысты жайттың жай-жапсары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.