Bugin

Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қостанай облысының Рудный қаласындағы шахтада жазатайым оқиғадан жұмысшы көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне сілтеме жасап.

Жазатайым жағдай "Соколовская" шахтасында болған. Шахтада жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты

"ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Бұл жайтқа қатысты тергеу басталған.