Bugin
Фото: freepik.com
Астана тұрғыны жаңа пәтерінде сапасыз жөндеу жұмыстары мен үйдің суықтығына шағымданып, 33 млн теңгесін қайтарып алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Астана қаласының тұрғыны пәтер алғаннан кейін түрлі мәселеге тап болған. Ол елордалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласып, сотқа дейінгі шағым жасау бойынша құқықтық көмек пен кеңес алған.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде тұтынушыға 33 млн теңгеге тең ақшалай қаражаттың толық көлемі қайтарылды.
"2024 жылдың алты айында Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандарымен 777,1 млн теңгеден астам сомаға тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді қайтару, айырбастау және ауыстыру қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.