Bugin
Фото: инстаграм @kg_media_news
Қырғызстанда 25 жастағы келіншек дәріден уланып қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы kg_media_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
25 жастағы Айтұрған Маматқұлова Оштың тұрғыны. Былтыр, 2023 жылы сыныптасына тұрмысқа шыққан. Бірақ келіншек жыл өтпей ауруханаға өте ауыр хәлде жеткен.
Дәрігерлердің мәліметінше, келіншек дәріден уланған. Айтұрған Маматқұлованың күйеуі келіншектің өзіне қол жұмсағанын айтты.
Келіншектің туыстары әділдік іздейді. Олар қызының өліміне күйеубаласын айыптап отыр. Олардың айтуынша, күйеубаласы Айтұрған Маматқұлованы бірнеше рет ұрып жүрген. Тіпті келіншегінің өлімі туралы туысқандарына кеш хабарлаған.