Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцинь ауданында су апатымен күрес жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алапат тасқын төпелеп жауған жаңбырдан басталған. "ССTV" телеарнасының мәліметінше, Чань деген ауыл тұтастай суға кетіп, 490 адам эвакуацияланды. Телеарна 5 адамның қаза тапқанын хабарлады. Қазір құтқарушылар су басқан аудандарға қайықпен барып, тұрғындарды көшіруге көмектесіп жатыр. Жергілікті билік болса, табиғи апатпен күрес жөніндегі төтенше жоспар жариялады.