Bugin
Фото: dzen.ru
Шомылу маусымы басталғаннан бері 64 адам суға батып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді.
Спикердің мәліметінше, шомылу маусымының басталуымен суға батып қаза болғандардың 15 пайызы немесе 10 жағдай рұқсат етілген Алматы, Манғыстау, Абай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген.
"Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар. Оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады. Онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм мен спорт орындары жабдықталған. Оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116-сы спорт пен туристік мақсаттарға арналған", – деді орынбасар өз сөзінде.