Bugin

Ауғаныстанға аттанамыз деген қазақ қыздары Талибандардың назарына ілікті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Елде Ауғанстанға кетеміз деген қазақ қыздарын тәліптер бақылауға алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы @abdulla_kzkz инстаграм парақшасы ақпарат таратты. Бірнеше күн бұрын қара хиджаб киіп, көк туды жамылған қыздардың әрекеті желіде тарады. Қыздардың бұл әрекеті желі қолданушыларының үрейін тудырған еді. Ауғанстанның "Afghanistan International" халықаралық телеарнасы "Ауғанстанға аттанамыз" деген жас қыздар жайлы материалды таратқан. 

 "TikTok желісінде 7 қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті", - деп жазған олар.

Сондай-ақ телеарна бұл қыздардың Ауғанстанға сапары "Талибанның" бақылауында екенін жазған.