Bugin

Бір топ еркек кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Есірткіге тәуелді қызды бір топ еркек зорлады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құқық қорғаушы Айман Омарова жаға ұстатар жағдайды айтты. Алматы облысының Қарасай ауданында кәмелетке толмаған есірткіге салынған қызға бір жарым жыл бойы ер адам жыныстық зорлық көрсетіп келген.  Құқық қорғаушы тергеу ісін Қарасай аудандық полиция басқармасы дұрыс жүргізбей жатқанын айтып, дабыл қақты.

15 жасынан есірткі беріп, бір жарым жыл бойы зорлаған еркек 2024 жылдың қаңтарында бір топ еркекпен бірге келіп қызды көлігімен алып кетеді. Бір топ еркек есірткі беріп, артынша зорлайды. Осы оқиғадан соң, есірткіні мөлшерден тыс қабылдаған қыз жан сақтау бөліміне түседі.

Адвокаттың сөзінше, кәмелетке толмаған қыз бір топ адамның ішінде кемінде алтауының атын атай алады. Алайда Алматы полиция басқармасы тек бір ғана күдіктіні ұстап отыр. 

"Тергеу шаралары жасалып жатқан жоқ. Бір жерде отырмыз. Бұл айыптылардың көлігі бар еді. Полиция "көлігін таппадық" деді. Одан кейін "зорға таптық" деді. Негізі ол көлікті өзіміз көрсетіп, қайда екенін айттық. Шын мәнінде табу оп-оңай болды. Оның үстіне істі ұзаққа созып жіберді. Полиция көлікке уақытты созып жеткенше, артқы орындығын алып тастаған болып шықты. Полицияның әрекетсіздігінің кесірінен бұлар білгенін істеп жатыр. Ал полиция не үшін әрекетсіз? Бұл жерде сыбайлас-жемқорлық болуы мүмкін деп ойлаймыз", - дейді Айман Омарова.

Адвокат әділдік болғанын қалап, дабыл қақты.