Bugin
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстанда екі ағайынды суға батып, қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында болған. Қыршын кеткен қос бала бір-біріне туысқан болып шықты. Бескөл ауылында тұратын 15 жастағы бала Қарағандыдан қонаққа келген 12 жасар інісін ертіп ауыл шетіндегі арнаға барған.
"Суға сүңгіп кеткен інісі бата бастаған. Оны құтқармақ болып үлкені де тұра ұмтылыпты. Бірақ екеуі де салқын судан шыға алмай қалған. Сүңгуірлер су түбінен мәйіттерін алып шықты. Қазір балалардың өмірін қиған шомылатын аумақ жабық тұр", - делінген хабарламада.
Рұқсат етілмеген аумақтың тексерісі басталды.