Bugin

Павлодар тұрғыны адам өлтіріп, денесін көлге ағызып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодарда жанжалдың арты қайғылы оқиғамен аяқталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Б-ға қатысты К.-ны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

"Соттың анықтауы бойынша 2009 жылдың 6 шілдесінде масаң күйде болған Б., жанжал салдарынан К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген", - деп хабарлады соттың баспасөз орталығы.

Жауапкердің кінәсі сотталушының өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

"Қылмыскер бұрын сотталған және жазасын түрмеде өтеген. Осыны ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.