Bugin

Толық емес отбасыдан шыққан баланың мінезі қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Толық емес отбасыдағы баланың мінезі толыққанды отбасыдағы баланың мінезінен ерекшеленіп тұрады. Бұл ерекшеліктер туралы Bugin.kz тілшісі ұсынады. 

Толық емес отбасы (баланы анасы немесе әкесі өсіреді) әлеуметтік оқшаулануға, қаржылық қиындықтарға тап болады. Ондай жағдайда балаға да ауыртпалық түседі. Күші келмейтін жұмыстар мен үй тапсырмаларын жалғыз өзі орындау баланың психикасына кері әсерін тигізеді. 
Толық емес отбасыдан шыққан балалар кейбір когнитивтік функциялардың төмендеуімен, коммуникативтік іскерліктердің жеткіліксіздігімен, ата-ана өз баласына жеткілікті түрде көңіл бөле алмауымен ерекшеленеді.
Ата-ана ажырасқаннан кейін балалар жеткіншек алды және жеткіншектік кезеңде агрессивті, жанжал тудырғыш, күмәншіл, талап қойғыш болып келеді.

Жалғызбасты ата-анада балаға жалғыз тәрбие бергені үшін күйзеліс пайда болады. Ол өзін сәтсіз некесі үшін кінәлайды. Жалғызбасты ананы  не әкені болашақ өмір мазалайды.

Дереккөз: "Отбасы психологиясы"  атты оқу құралы