Bugin
Фото: dzen.ru
Көптеген жағдайда адамдар стресс, дұрыс тамақтанбаудың кесірінен түрлі ауруларға шалдығады. Соның бірі - өт жолдарының бұзылуы.
Өт – адам ағзасындағы маңызды органның бірі.
Өттің толуы, қабынуы, одан өзге аурулардың басты себебі – стресс, дұрыс тамақтанбау, жылдам тамақтану.
Ауруды жеңу үшін дұрыс тамақтануды қолға алу маңызды. Адам күніне үш мезгіл уақытылы тамақтанса, ағзада өт жақсы бөлінеді.
Алайда көптеген адамдар түнде тамақ ішіп, ас қорыту жүйесіне көңіл аудармайды. Салдарынан ауру пайда болуы мүмкін.
Егер ағзаңызда өт жолының бұзылуын байқасаңыз ащы, қуырылған, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар, сондай-ақ тәтті, майлы, ысталған асты, газдалған сусындарды шектегеніңіз абзал.
Керісінше, буға не суға пісірілген тағамдарды көптеп тұтыну керек. Салауатты өмір салтын сақтап, салмақты қадағалап отыру, жүйелі түрде жаттығу жасау да маңызды.