Bugin
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге Петропавл қаласынын үй беріледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Қызылжар ауданында 18 елдімекенде 1500-ден астам үйді су басқан. Оның 320-сы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Ал 120 отбасы жаңадан сатып алынған баспаналарға қоныстанып үлгерді.
Жалпы Солтүстік Қазақстанда 4 мың үйді су басқан. Оның жартысына жуығы жөндеуге жарамсыз. Бүгінгі күнге дейін 750-ден астам отбасы баспанамен қамтылды.