Bugin

Әйеліне қол жұмсаған азаматқа қылмыстық жаза тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мас күйде әйелін ұрып-соққан Ақтөбе тұрғыны сот шешімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тұрмыстық жанжал маусым айының соңында болған. Ерлі-зайыпты тұрғындар көршісінің үйіне қонаққа барған. 

Қонақтан мас болып қайтқан төрт баланың әкесі үйінде ұрыс-керіс шығарып, әйелін жұдырығымен бірнеше рет ұрып жіберген.

Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша дереу іс қозғап, күдіктіні қамауға алды.

Сонымен қатар жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы әйел денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін көрсетті.