Bugin

Әскерилерді жұмысқа жеккен: Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр тұтқындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін істі болып жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің  қызметкерлері жүргізді.

"Ол ҚР ТЖМ әскери бөлімінің қолбасшылығына және Қарағанды облысы ТЖ департаментінің лауазымды тұлғаларына жеке үй салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы заңсыз нұсқаулар берді деп күдікке ілінген" - деп хабарлады Антикор.

Зерттеу нәтижелері бойынша Бас әскери прокуратура қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Ақмола гарнизонының әскери сотына жолдағаны да нақтыланады.