Bugin
Фото: инстаграм @kg_media_news
Қырғызстанның кей өңірінде сел жүрді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ош қаласында алдын ала мәлімет бойынша сағат 14:00 шамасында жауған жаңбырға байланысты Төлөйкөн ауылында және Өзгүр ауылының Борубай-Ата демалыс орнында сел жүрген. 4 адам іздестірілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы келіншек және оның 19, 10, 6 жастағы қыздары жоғалып кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ Ош қалалық басқармасының Құтқару қызметінің құтқарушылары демалушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Қосымша Ош қалалық №12 Өртке қарсы бөлімнен 8 құтқарушы, №13 Автоматты өртке қарсы бөлімнен 10 құтқарушы жіберілді.