Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне келген хаттың бірін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хатта 23 жастағы келіншек басынан өткен қиыншылығын жазған.
"Мені әкем 10 жастан 14 жасқа дейін зорлады. Туысқан сіңілімді 8 жастан бастап зорлағанын өз көзіммен көргенмін. Бір күні сіңілім шыдамай анама айтты. Анам "өтірік айтасың" деп жекіп тастады. Күйеуіммен ажырасып кеттім. Ер адамдарға деген қорқынышым әлі сейілмеген", - делінген хатта.
Осы жағдайдан кейін, анасы қызына "әкең ғой, кешірімді бол" деп айтқан.