Bugin

Тауда жоғалып кеткен қыз бен жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Баянауыл құтқарушылары қыз бен жігітке таудан түсуге көмектесті,  - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Павлодар облысында 1997 жылы туылған жігіт пен 2000 жылы туылған қыз бала тауға көтеріліп, қайта түсе алмай қалған. 

"Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді", - делінген хабарламада.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.