Bugin

“20-25 миллион”: Головкин жаңа қызметінде қанша жалақы алатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @gggboxing

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туралы тың ақпарат айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бахтияр Артаев "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында сұхбат берді.

"Генамен жас кезден ойымыз, пікіріміз, жүрісіміз, мәдениетіміз бірдей еді. Барған жерде білініп тұратын еді. Екеуміз бір-бірімізбен бәсекелесіп осы күнге жеттік. Ол қазір төраға болып отыр. Біздің бәсекелестік әлі жалғасып келеді", - дейді Бақтияр Артаев. 

Сұхбат барысында Геннадий Головкиннің жалақысы да сөз болды. 

"Нақты білмеймін. Бірақ 20-25 миллион алады дегенді естуім бар", - деді спортшы. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Головкиннің жалақысына қатысты тараған ақпарат жалған екенін айтты.

"Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ. Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-нің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған. Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-нің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г.Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда", - делінген ҰОК-ның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде. 

Сондай-ақ комитет өкілдері жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес, атап айтқанда, ҚР ҚК 274-бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.