Bugin
Фото: t.me/ru2ch
14 шілде күні АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа шабуыл жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол Пенсильваниядағы сайлаушылармен кездесу кезінде сөз сөйлеген. Алайда жиында кенеттен оқ атылып, бір қарапайым тұрғын көз жұмды. Ал оқ Дональд Трамптың оң жақ құлағын тесіп өтті.
Қылмыскер дер кезінде ұсталды. Оның суреті желіде тарап кетті,
Шетелдік БАҚ дерегінше, оқ атқан 20 жастағы Томас Мэтью Крукс. Ол - Пенсильвания тұрғыны. Жас жігіт сахнадан 120 метр жерде орналасқан өндіріс мекемесінің шатырына шығып, AR қаруымен оқ атқан.
Кейін АҚШ құпия қызметі 20 жастағы қылмыскерді де атып тастады.