Bugin
Фото: Бейнеден скрин
Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап тастағаны әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға Маңғыстау ауылында болғаны анықталды.
Оқиғаның 14 шілдеге қараған түні болғаны айтылуда.
Полицейлер жүкті әйелін қанжоса етіп пышақтаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
"Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп жауап берді облыстық департамент.