Bugin

Ер адам жас түлекті шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Orda.kz

19 жастағы ер адам жас түлекті өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға 4 шілде күні болған. Екі адам да Атыраудың тұрғындары.

БАҚ мәліметінше, 19 жастағы азамат 17 жастағы түлекті шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтірген. Полиция қылмыстық істі  "Абайсызда өлтіріп алу" бойынша тіркеген.

Кейіннен "Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қайта қаралып, ол қамауға алынды.

"13 шілдеде сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істі тергеу барысы ерекше бақылауда", - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.