Bugin

Қырғызстанда тыйым салынған газдалған сусынды Өзбекстан тексеріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: OLX

Қырғызстанда тыйым салынған сусынның құрамын Өзбекстан тексере бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитеті Ауғанстанда өндірілетін "Golden Life" газдалған сусынының құрамын тексеріп жатқанын хабарлады. Ол анар сусыны ретінде Қазақстанда да танымал.

"Адам денсаулығына улы және зиянды заттар табылмағаны атап өтіледі. Бүгінгі таңда тұрғындардан осы өнімнің сапасыздығы туралы шағым түскен жоқ", - деп толықтырды комитет.