Bugin
Фото: dzen.ru
Қазір технология заманы. Өмірімізді гаджетсіз елестете алмайтынымыз да жасырын емес. Алайда жол-көлік оқиғаларының көбею себептері де жол үстінде телефонға жиі үңілгеннің салдары деуге болады.
Сол себепті жол қозғалысы қатысушыларына ережелерді есте сақтау қажет. Қозғалыс кезінде смартфонға назар аударудың салдары ауыр болуы мүмкін. Телефонға бір минутқа үңілудің өзі бір адамның өмірін жалмайды.
Одан бөлек телефонды көлікте қолдану адам көз жанарына екі есе зиянын тигізеді. Себебі көлік үнемі қозғалыста болғандықтан телефонның сәулесі адам көзін ауыртып, тез шаршатады.
Кішкентай экранға телміруден сіз жаяу жүргінші болсаңыз көлікті не өзге қозғалысты байқамай қалуыңыз да әбден мүмкін. Бұл тұста жол қателікті кешірмейтінін де ескергеніңіз жөн.
Айта кетейік, жол үстінде телефонмен шұғыл жұмыс істеу қажет болса әр 15-20 минут сайын көзді демалдырған дұрыс. Сондай-ақ, телефон жарығын азайтып, мәтін қаріпін ұлғайтып, көзден кемінде 40 см алшақ ұстау керек. Бұл көздің талмауына қарсы амалдың бірі.