Bugin

5 адам қаза болды: Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Кеше, 14 шілде күні Қарағанды облысының тас жолында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, апаттан 5 адам қаза болды. 14 шілде күні сағат 12:00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде Қарағанды қаласына қарай бағытта автобуспен "Тойота Естима" көлігі соқтығысқан.

"Жол апатының салдарынан "Тойота Естима" автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға 11 адам жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.