Bugin

Алматыда қоқыстан нәрестенің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған жайт туралы Telegram арналардың бірінде ақпарат тарады.

Мәлімет бойынша, "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылған. 

"Оқиға 14 шілдеде болған. Кәсіпорын жұмысшылары конвейер бөлмесінен ұл баланың денесін тапты. Нәресте қоқыс пакетіне оралған", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.