Bugin

“Әйелі мен балаларын қорлаған”: Шымкенттің экс-әкімінің ағасының қылығы елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы әйелі мен балаларын үйден күштеп қуған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жоғарғы сот Telegram-дағы арнасында.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасына қатысты іс қаралды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды. 

Жоғарғы соттың мәліметінше, құқықбұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған.
Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Құқықбұзушы әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті.

Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады.