Bugin

“Тамызда ұзатылады”: Селде қыздарымен ағып бара жатқан әйелдің видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қырғызстанда анасы мен 3 қызын сел ағызып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік видео жариялады. Селде ағып бара жатқан адамдардың шырқырап көмек сұраған сәті видеоға түсіп қалған. Өкініштісі, бір отбасының 4 адамын ешкім құтқара алмады. 

"Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Ош қаласында апта бойы толассыз жаңбыр жауып, арты селге айналды. ТЖМ мәліметінше, 5 адам із-түзсіз жоғалып, іздестірілуде. Арнасынан шыққан Ақ бура өзені ауыл көшесін кесіп өткен. Жолындағы үй, аула, ғимараттарды бұзып, адам тұрмақ көліктерді ағызып әкетті", - деп жазды журналист. 

Сел ағызған бір отбасының 4 адамы сол күні демалыс аймағына келген екен. Бүгін 6 жасар кенже қыздың денесі Өзбекстан аумағынан, анасының мәйіті жолдан табылған. Қалған 2 қызды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қыздардың ата-анасы ұзақ жыл Ресейде гастербайтер болып, жақында ауылына келген. 19 жастағы қыздың тамыз айында ұзату тойы екен. Өкініштісі, сел ағызып кеткен бойжеткеннің денесі әлі табылған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда сел кезінде жоғалған 2 адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.