Bugin

Бір рет шаш қиюына 21 мың доллар жұмсайды. Бруней сұлтаны қалай өмір сүреді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах, bugin.kz

Бүгін, 15 шілде – Бруней сұлтаны күні. Бұл мереке XIV ғасырдан бері билеп келе жатқан династияның 29-өкілі Хассанал Болкиахтың туған күніне орай бекітілген, - деп хабарлайды bugin.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Бруней сұлтаны Болкиах 1946 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. 1968 жылы таққа отырды. Ол өзін Бруней премьер-министрі, елдің қорғаныс, сыртқы істер және қаржы министрі қызметтеріне тағайындаған.

Сұлтан үш рет үйленген. Оның 12 баласы бар. Хассанал Болкиах қазір бірінші әйелі Анак Салехпен некеде.

Монархтың айналасындағылар оның шаштаразға жеке ұшақпен баратынын айтады. Бірақ маманның қай елде тұратыны беймәлім. Оның бір рет шаш қиюына 21 мың доллар жұмсалады екен.

Бруней сұлтанының бадминтон жаттықтырушысы жылына 1,42 миллион доллар алады. Дәл осындай қаржыны монарх тұрақты массаж бен инемен емделуге де жұмсайды.

Бруней сұлтаны Хассанал Болкиахтың байлығы 2023 жылғы дерек бойынша 30 миллиард долларды құраған. Монархтың 7000 көлігі бар. Оның ішіндегі 500-і Rolls Royce және 300-і Ferrari маркалы автокөлік. Оған қоса жеке ұшақтар паркі бар.

Монарх отбасымен бірге көлемі Ватикан мемлекетімен бірдей зәулім сарайда тұрады. 1984 жылы 400 миллион долларға салынған сарайы 200 000 м² аумақты алып жатыр. Онда 1788 жатын және 257 жуынатын бөлме, 5000 орындық мемлекеттік зал, 1500 адамдық мешіт, 110 көлікке арналған гараж бар.

2022 жылдың 8 қыркүйегінен бастап, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болғаннан кейін Хассанал Болкиах тарихтағы елді ұзақ уақыт басқарған монархтар тізімінде бірінші орында.