Bugin
Фото: freepik.com
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңде табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидаларын ескертті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері – халықтың отты қолдануы және найзағай разрядтары.
Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.
От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті.
Табиғат аясында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.