Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері төрт елде – Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және туған жері Қырғызстанда алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 43 жастағы қырғызстандық әйелді ұстады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, күдікті 11 шілдеде ұсталған.
"Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде (ұрлық) көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада.
Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған деген күдікке ілінген. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61