Bugin
Фото: freepik.com
Елорда тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай 22 жастағы бойжеткен бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен.
"Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң, балалары үшін үйге қонаққа келген. Ол үйге әр барған сайын ломбардқа тапсыратын алтын бұйымдарын алып шығуға мүмкіндік алған", - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.