Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысының тауларында жасөспірім құтқарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жасөспірімді құтқарған. Олар Талғар ауданындағы биіктігі 2 600 м "Үлкен Алматы шыңы" деп аталатын тауда 16 жасар жасөспірімді құтқарып, төменге түсірген. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған.
Жас туристке медициналық көмек қажет болмаған.