Bugin

Еліміздегі бір облыстың ауылын су басты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылындағы бірнеше үйді су басты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр салдарынан 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты. 

"ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, жағдайға мониторинг жалғасуда", - делінген хабарламада. 

Жұмысқа жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.