Bugin
Фото: freepik.com
Түркістан облысында кене шаққан 61 жастағы ер адам қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам конго-қырым геморрагиялық қызбасының вирусын жұқтырған. Ауру тағы бірнеше адамнан анықталды. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш қала тұрғыны конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған. Екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, көп ұзамай үйлеріне шығарылған. Сондай-ақ тағы бір адамның конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған-жұқтырмағаны тексеріліп жатыр.