Bugin

Тұңғыш президенттің қызы түрмедегі жазасын қалай өтеп жатқаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызының түрмедегі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы rus.ozodlik сайтына сілтеме жасап.

2015 жылы 18 желтоқсанда Гүлнара Каримованы Ташкент қалалық соты – 10 жылға, ал 2020 жылы 18 наурызда жаңа қылмыстық іс шеңберінде 13 жылға бас бостандығынан айырды. Оның жазасын өтеу мерзімі 2033 жылы аяқталады. Оған қастандық, бопсалау, жымқыру және тонау қылмыстарын жасады деп айып тағылған. 

Гүлнара Каримованың түрмедегі жағдайы туралы мекеме өкілі анонимдік шарттармен басылымға  сұхбат берген.

"Мекеме басшылары Гүлнара Каримованың мінез-құлқы мен басқа тұтқындарға қатысты арандатушылықтары туралы жоғары басшылыққа бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болды" - дейді Зәңгі-ата ауданындағы №21 колония қызметкері.

2023 жылдың күзінде Гүлнара Каримованың үй қамағына алынғаны туралы бейресми ақпарат пайда болған еді. Мұндай деректің тарауына қызы Иманның Ұлыбританиядан Өзбекстанға жиі келуі себеп болды. 

Кезінде дереккөздер Гүлнара Каримова уақытының көп бөлігін үйде өткізетінін және қажет болған жағдайда ғана түрмеге келетінін мәлімдеген. Алайда бұл хабар ресми расталған жоқ.