Bugin

Бишімбаевтың ісінде прокурор болған Аймағанованың шені өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Айжан Аймағанованың инста-парақшасынан

Экс-министрдің ісінде белсенділік танытқан прокурордың шені өсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін таныла бастаған. Прокурор 15 шілде күні желідегі парақшасында жаңа шенімен түскен бейнесін жариялады.

Прокурордың желідегі оқырмандары прокурордың подполковниктің ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) погоны бар киім кигенін байқап қалды. 

Артынша прокурор Аймағанованы жаппай құттықтай жөнелді.