Bugin
Фото: Бейнеден скрин
Алматыда ер адам мотоцикл айдағандарды қамшымен сабады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция дерегінше, байкерлерге шабуыл жасады деген күдіктілердің ұсталған.
Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады.
"Бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
Желіде тараған бейнеде байкерлерді сабаған ер адам "Малды шошыттыңдар" деп дауыстап, қамшымен бір-екі рет сабаған.