Bugin
Фото: dzen.ru
Жайық өзеніне кәмелетке толмаған үш қыз батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы “Орал апталығы” порталына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 11 шілде күні Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. Суға батқан екі қыз 13 жаста болса, біреуі 12 жаста.
Жасөспірімдер жоғалып кеткен күні кешке ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған.
Төтеншеліктер марқұмның денесін 12 шілде күні таңертең тапты.
“Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері үш қыздың қайтыс болғанын растады”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасындағылар.